Мы в Telegram
Добавить новость
smi24.net
Azattyq.org
Апрель
2024

Новости за 23.04.2024

Атырау мен Оралдағы су, Бишімбаев пен Собчак – AzatNEWS | 23.04.2024

Azattyq.org 

Оралда саяжайларды су басып жатыр. Төтенше жағдай министрлігі өңірдегі ахуал әлі қиын екенін мәлімдеді. || Тасыған Жайық суы Атырауға айдың аяғында жетеді. Бұған тұрғындар алаңдайды. || Бишімбаев сотына ресейлік саяси белсенді, журналист Ксения Собчак неге келді? Оны кім шақырған?

Атырау халқы тасқынның екінші толқынынан қауіптенеді

Azattyq.org 

Атырау іргесіндегі Сарыөзек ауылының тұрғындары бүгін қала әкімдігіне келді. Олар тасқын қаупі күшейген тұста елді мекенде судан қорғау жұмысы жүрмей жатқанын айтты. Жұрт тасуы мүмкін канал бойын бекітіп, топырақ үйіп қойған. «Бірақ арнайы техниканың көмегі керек» дейді.

Су басқан Оралдағы жағдай

Azattyq.org 

Оралда бірнеше күннен бері қала іргесіндегі саяжайлар суға кетіп, мыңдаған адам қауіпсіз жерге көшірілді. Ресми дерек бойынша, қазірге дейін 117 саяжайды су алған. Кейбір саяжай алабын осы айдың өзінде екінші рет су шайған. Шығынға баттық деген бір топ тұрғын бүгін тағы да әкімдікке жиналды.

Жоғарғы сот неге Собчактың «асты-үстіне түсті?»

Azattyq.org 

Астанада өтіп жатқан бұрынғы министр Қуандық Бишімбаевтың сотына 22 сәуір күні ресейлік журналист Ксения Собчак қатысты. Соттан хабар таратып жүрген қазақстандық журналистер «Жоғарғы сот Собчакқа ерекше жағдай жасады» деп сынап жатыр.

Сайрамдағы Қарабұлақ қала болуға жарай ма? Ауыл жұрты не дейді?

Azattyq.org 

Түркістан облысында 60 мыңға жуық адам тұратын Қарабұлақ деген ауыл бар. Елге үлкен мал базарымен танылған. Қазақстан үкіметінің 19 наурыздағы отырысында осы ауылға қала мәртебесін беру мәселесі сөз болды. Азаттық тілшісі Қарабұлаққа барып, жұрттан осы жайлы пікірін сұрады.





СМИ24.net — правдивые новости, непрерывно 24/7 на русском языке с ежеминутным обновлением *